2025 жыл — Жұмысшы мамандықтар жылы
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында Ақсай ауылдық округінің әкімі М.М. Мәтен, Жуалы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Е.Н. Әуесбек және пробация қызметі есебінде тұрған түзету мекемелерінен босап келген азаматтардың қатысуымен «Ауыл шаруашылығының қыр-сыры» тақырыбында шаруа қожалық кеңесі өтті.
Мақсаты: Түзету мекемелерінен босап шыққан азаматтарды ауыл шаруашылығы саласына тарту, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету, еңбекке баулу және жұмысшы мамандықтарының маңызын насихаттау.
