«Жалын, жарқыл шашқан – Жұбан ақын…»

⚜️«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы
⚜️Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде
2025 жылы ақын-жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
⚜️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ел рухының жыршысы, Қазақстанның халық ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Жалын, жарқыл шашқан – Жұбан ақын…» атты поэзия кеші өтті.
✍🏼 Кеш барысында №30 Көктөбе орта мектебінің оқушылары Асет Базарбек, Нұртөре Сман, Қуаныш Сыбанқұл, Айару Байұзақ, Рамазан Сабит, Айғаным Аллаберген, Талант Жапар және Асылай Әмірхан ақынның туған жерге, елге арналған өлеңдерін шеберлікпен мәнерлеп оқыды. Әлинұр Оразбай «Ұлы елім» әнін, Ерке Ерғали «Отан» әнін, ал Асылай Әмірхан «Анажаным» әнін орындап, тыңдарманға ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ, Зере Торланбай мен Кәусар Торланбай «Ерке сылқым» және «Домбыра» күйлерін нақышына келтіріп орындаса, шараның көркін «Айкөркем» би тобының «Шашу» биі одан әрі ашып, кештің мерекелік рухын айшықтады.
✍🏼Кітапхана әдіскері Динара Дадашева ақынның шығармашылық жолына арналған «Жұбан жырлары жүрегімізде» атты кітап көрмесі, «Ұлт мақтанышы – Жұбан Молдағалиев» ауызша журнал, «Жұбан Молдағалиев – ұлт рухын жырлаған ақын» әдістемелік құрал, «Жыр қыраны – Жұбан ақын» библиографиялық көрсеткіш, ақпараттық-жарнамалық флайер және «Жұбан» кітап инсталляциясымен таныстырды.
⚜️Қорытынды сөз кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Шарифат Каниева мен бірыңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Күләш Таубалдиеваға беріліп, меңгерушілер іс-шараға белсене қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, олардың еңбегін жоғары бағалады. Іс шараға қатысқан оқырмандар Алғыс хаттармен марапатталды.