«Қазақ жырының тұңғиығы»

«БІР ЕЛ — БІР КІТАП» акциясы 2025 жыл

Жұмекен Нәжімеденов — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Қазақ жырының тұңғиығы» атты жыр кеші өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға көрнекті ақын Ж.Нәжімеденовтың шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту.