«Төл теңге — тәуелсіздік тірегі»

15 қараша — ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Төл теңге — тәуелсіздік тірегі» атты дайджест өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақты Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихын, оның маңызын түсіндіру, қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.