“Жүрегім толы мейірім”

13 қараша — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҒИПТАР КҮНІ

Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар бөлімінің ұйымдастыруымен “Жүрегім толы мейірім” атты қайырымдылық акциясы аясында зағип оқырман Жорабек Көпбаевқа азық-түлік себетін табыстап, оған ізгі тілектерін білдірді.

Мақсаты – қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетіп, оларға рухани демеу беру, мейірім мен қамқорлықтың қадірін арттыру.