15 қараша — ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұлттық теңге — ел тәуелсіздігінің символы» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақты Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихын, оның маңызын түсіндіру, қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.
