«Қаламды да, қаруды да қатар ұстаған азамат»
Бүгін аудандық мәдениет үйінің кіші залында танымал журналист, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, аудармашы, жазушы Құрманбек Сағындықовтың 115 жылдығына орай портрет кеші өтті.
Іс-шара аясында «Азамат. Журналист. Тұлға», «Қазақтың Құрманбегі» атты кітап көрмелері, отбасы, шығармашылығы мен наградаларынан құралған фотогалерея, ақын шығармаларынан тұратын әдеби композиция, «Хас батыр бейнесі», «Тау тұлғалы нар ағам» кітаптарына шолулар және жас өнерпаздар атынан арнау шығармалар ұсынылды.