«Достығы жарасқан ел тату»

«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ
Бейбітшілік пен келісім – қоғамдағы өзара сыйластыққа, түсіністікке және ынтымақтастыққа негізделген өмір салты. Ол адамдардың, ұлттар мен мәдениеттердің бір-бірін құрметтеп, ортақ мақсаттар жолында тату-тәтті өмір сүруін білдіреді. Бейбітшілік бар жерде қақтығыс азайып, тұрақтылық пен дамуға жол ашылады, ал келісім – әртүрлі көзқарастар мен дәстүрлерді үйлестіретін рухани және әлеуметтік құндылық.
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында өзге ұлт өкілдері Т.Чечетка, Л.Карестина, Я.Шарко, О.Эчжанов, К.Алыбов, Э.Вителева, М.Давыдова, Ж.Мараттың қатысуымен «Достығы жарасқан ел тату» атты достық кеші өтті.
Мақсаты: Қоғамда татулық пен өзара құрмет құндылықтарын нығайту, түрлі ұлттар мен мәдениеттер арасындағы түсіністік пен ынтымақтастықты арттыру. Жоба арқылы оқырмандарға бейбітшілік идеясын насихаттап, рухани келісімді қалыптастыратын ақпараттық, тәрбиелік және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру. Сонымен қатар, жергілікті қауымдастықтың бірлігін күшейтіп, тұрақты дамуға бағытталған орта құру.