«Жүрегі жырдан жаралған»

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы
Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық ақыны, Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жүрегі жырдан жаралған» атты жыр кеші өтті. Кеш барысында №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектебінің оқушылары М.Оспан ақынның өмірібаяны, А.Ниязбек «Қазаққа», А.Мұрат «Махамбет», Қ.Құдайберген «Отан», М.Пәшір «Қошақан», А.Өскенбай «Желтоқсан – Тәуелсіздік күні», І.Қален «Бақытты бол, қазағым», І.Шералы «Өмір маған..», Ә.Әбдіқожа «Тарыққанда табынарым – өлеңім», К.Әбдіқожа «Жеңіс күні» өлеңдерін мәнерлеп оқыса, Р.Әділбек ақынның «Шақырады көктем», К.Байділдә «Әнім сен едің», А.Арыстанбек «Саржайлау», кітапхананың тұрақты оқырманыдары Қ.Мейірбекова «Бақыт құшағында», Р.Өтегенов «Құстар әні» әндерін нақышына келтіре орындады. Кітапханашы С.Оразходжаева «Тұманбай Молдағалиев» ауызша журнал, «Жыр жүрегіндегі Тұманбай» библиографиялық көрсеткіш, «Тұманбай жыры — өшпес мұра» әдістемелік құрал, ақпараттық-жарнамалық флайер және «Құстар қайтып барады» кітап инсталляциясымен таныстырды. Кеш соңында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бірыңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі К.Таубалдиева белсене қатысқан оқырмандарға алғыс білдіріп, марапаттады.