1 желтоқсан — БҮКІЛӘЛЕМДІК СПИД-ке ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында Ақтөбе ауылдық дәрігерлік амбулаториясының мед ағасы Жалғас Ырысбек, кітапхана оқырмандарының қатысуымен «СПИД — ғасыр дерті» атты денсаулық сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, ХХІ ғасыр дерті — қатерлі СПИД індетінен сақ болуға, бұл дертті жұқтырмаудың жолын білуге баулу.
