«Спид-қасірет»

1 желтоқсан — БҮКІЛӘЛЕМДІК СПИД-ке ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Аудандық орталық ауруханасының профилактика және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің аймақтық психологтар, әлеуметтік қызметкерлері, акушеркалар, «Аудандық аурухананың СӨС маманы Амиреева Камшат Жанабековнаның қатысуымен «Спид-қасірет» тақырыбында маман кеңесін ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандарға СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, ХХІ ғасыр дерті — қатерлі СПИД індетінен сақ болуға, бұл дертті жұқтырмаудың жолын білуге баулу.