1 желтоқсан — БҮКІЛӘЛЕМДІК СПИД-ке ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында №44 Бақалы бастауыш мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Деннің саулығы, жанның байлығы» атты денсаулық сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, ХХІ ғасыр дерті — қатерлі СПИД індетінен сақ болуға, бұл дертті жұқтырмаудың жолын білуге баулу.
