«СПИД-ғасыр дерті»

1 желтоқсан — БҮКІЛӘЛЕМДІК СПИД-ке ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында «Дауа» қызығушылық клубы мүшелері, №25 Ақтөбе тірекмектебінің медбикесі Н.Назарбек, 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен «СПИД-ғасыр дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, ХХІ ғасыр дерті — қатерлі СПИД індетінен сақ болуға, бұл дертті жұқтырмаудың жолын білуге баулу.