Өлеңі мен өмірі елге таныс

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы

Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ұлағатты ұстаз, ақын, жазушы Шырын Мамасерікованың 80 жасқа толуына орай «Өлеңі мен өмірі елге таныс» атты портрет кеші өтті. Кеш барысында №26 Жаңаталап орта мектебінің оқушылары Ш.Мамасерікованың А.Әділбек «Өмір», А.Қасымқызы «Анаға тағзым», Н.Әділбек «Ата-ана» А.Қазақбай «Ұстазыма», Е.Әділхан «Отан», К.Қуандық «Бақыт», М.Қамбарбек«Тәуелсіз елім», Ұ.Қазақбай «Өмір», Д.Жақсылық «Қариялар», Д.Темірбек«Жуалым», А.Бауыржанұлы «Үш байлық пен үш парыз» атты өлеңдерін мәнерлеп оқып, А.Қасымқызы «Қазағым», кітапхана әдіскері А.Алтайбекова «Ел аман болсын» атты әндерін нақышына келтіріп орындады. Бәйтерек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н.Пакеева Ш.Мамасеріковаға арналған «Ұрпаққа үлгі болған» атты баяндамасын оқырман назарына ұсынды. Кітапхана әдіскері А.Алтайбекова Ш.Мамасеріковаға арналған библиографиялық көрсеткіш, «Бақытын өлең жолынан тапқан ақын» әдістемелік құрал, ақпараттық-жарнамалық флайер және «Елінің еңлік гүлі» атты кітап көрмесімен таныстырды. Кеш соңында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Н.Сиркебаева қатысқан оқырмандарға жылы лебізін білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.