1 мамыр – ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде этнос ұлт өкілдері, №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Бірлік біздің қасиетті туымыз» атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту, Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін жете түсіндіру, мәңлілік бейбітшілікті, Отанды сүюге, достық, ұлтжандылық, ұлтаралық қарым қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.