16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің мұғалімдері, оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік — сенің тамыр, тарихың» атты патриоттық сағат ұйымдастырды. Кітапханашы М.Баққарева «Тәуелсіздік бастауы — Желтоқсан» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
