«Тәуелсіздік ел мұраты»

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасы №17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің мұғалімдері, оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік ел мұраты» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Кітапхана әдіскері «Желтоқсан жаңғырығы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.