«Тәуелсіздік таңы атқан күн»

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында №8 Сүгірбай Байтіков атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік таңы атқан күн» атты әдеби постулат өтті. Кітапханашы С.Оразходжаева «Тәуелсіздік тұғыры» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.