16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасы №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Болашақты сәулелендірген Тәуелсіздік» атты тарих сағатын ұйымдастырды. Кітапханашы Г.Жұмаханова «Тәуелсіз елім — Қазақстан» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
