«Желтоқсан жаңғырығы жадымызда»

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасы №10 Күреңбел орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Желтоқсан жаңғырығы жадымызда» атты әдеби постулат ұйымдастырды. Кітапханашы Ә.Солтыбай «Тәуелсіз елім — Қазақстан» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.