16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында №25 Ақтөбе тірек мектебінің оқушыларының қатысуымен “Тұғыры биік Тәуелсіздік” тарихи танымдық кеш өтті. Кітапханашы Ә.Абделиева «Елімді бақытқа бөлеген — Тәуелсіздік» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
