«Ертегі кейіпкерлерімен таныс болайық»

Жуалы ауданы Теріс ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасының кітапханашысы М.Баққараева №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 2-сынып оқушыларына «Ертегі кейіпкерлерімен таныс болайық» тақырыбында «Бауырсақ» ертегісін оқып, тәрбиелік мәні зор тәрбие сағатын өтті.

Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.