Байқау қорытындысы

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырумен қатар, қазақ ақын-жазушыларының мол мұрасын өскелең ұрпаққа кеңінен танытып, қасиетті қазынамыз – кітапты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған
«15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафон» шығармашылық байқауында кітапханалар кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті 📖✨
Байқау қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Көлтоған ауылдық кітапханасы
🥈 ІІ орын – Аудандық орталық кітапхана және Ертай ауылдық кітапханасы
🥉 ІІІ орын – Сұрым ауылдық модельді кітапханасы және Ақтөбе ауылдық кітапханасы
Сонымен қатар, Б.Момышұлы ауылдық балалар, Қарасаз, Кәріқорған, Қоңыртөбе, Күреңбел, Қошқарата, Көктөбе, Қарабастау, Жаңаталап ауылдық кітапханалары белсенді қатысқандары үшін Алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды🎉🏆
Барша қатысушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз! Кітап арқылы рухани байлықты арттыру жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!