Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Тәуелсіздікке тағзым” атты библиоглобус ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы терең мағлұмат беру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
