Жуалы аудандық орталық кітапханасының ақпараттық-библиография бөлімінің библиографы оқырмандар назарына Бекжан Боздың «Желтоқсан жүректерде жаңғырады» атты жаңа кітабын ұсынады.
Автордың тікелей араласуымен құрастырылып, жеке қаржыландыруы арқылы жарық көрген бұл еңбекте 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің себептері мен салдары жан-жақты қамтылып, құнды тарихи деректер ұсынылған.
Кітапқа енгізілген материалдар «Алматы 1986. Желтоқсан» айғақ кітаптарының бірінші, екінші, үшінші, он алтыншы және он жетінші томдарынан алынған.
Басылым көпшілік оқырман қауымға арналған.