Ақын Әмина Шалабаева — 110 жыл
Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қарлығаш қанаты — Әмина рухы» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Ақын, жазушы Әмина Шалабаеваның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жас ұрпаққа оның әдеби мұрасын таныта отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке және ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.
