“Ерте, ерте, ертеде…”

«Әжемнің ертегілері» жобасы
#Ертегілер — халық даналығының айнасы
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы «Балбөбек” бөбекжай-балабақшасының “Өнерпаз” тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен “Ерте, ерте, ертеде…” тақырыбында ертегі оқу сағаты өтті.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.