Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар бөлімі кітапхана оқырмандары Ж.Ташенов, А.Ташенов, Ұ.Джабагиева, Қ.Сарыбаев, Т.Сағынбекова, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жуалы аудандық филиалының өкілі М.Заурбековтың қатысуымен «Жанарсызда жарық әлем» атты дауыстап оқу ұйымдастырды. Іс шара барысында «Әріптер сөйлейді» интеллектуалдық ойыны, «Қағаз мыжу», «Арқаға сурет салу», «Қағаз хоры», «Қолмен сезіп, жүрекпен сипатта» тактильді ойындары ойнатылды.
Мақсаты: Көз жанарынан айырылған және әлсіз көретін азаматтардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, дауыстап оқу арқылы әдебиетке жақындату, тактильді сезіну қабілеттерін дамыту, қоғамдық ортаға бейімделуіне қолдау көрсету, рухани байлық пен өмірге деген сенімді нығайту.