«Қазақтың дара дарыны»

Жазушы, драматург Медеу Сәрсекеев — 90 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушылары және сынып жетекшісі П.Абаханованың қатысуымен «Қазақтың дара дарыны» атты шығармаларына шолу өтті.

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Медеу Сәрсекеевтің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандарға қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен еңбегін таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге баулу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.