“Мұқағали мұрасы — рухани қазына”

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев — 95 жыл

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында “Мұқағали мұрасы — рухани қазына” атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Қазақ поэзиясының хантәңірі атанған ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақындық талантын шәкірт бойына ұялату, ақын өлеңдері арқылы Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, отаншылдыққа тәрбиелеу.