Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев — 95 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапханасында №1 Ш.Мұртаза мектеп гимназиясының, Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің оқушыларының қатысуымен «Қазақ поэзиясының Хантәңірі — Мұқағали» атты поэзия кеші өтті.
Мақсаты: Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандарға қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен еңбегін таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге баулу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.