«Бабалар сөзі -ақылдың көзі»

🔰Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев — 95 жыл

🔰Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасы «Бабалар сөзі -ақылдың көзі» мақсатты бағдарлама аясында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің 8-9 сынып оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр “ атты әдеби сазды кеші өтті.

🔰Мақсаты: Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандарға қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен еңбегін таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге баулу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.