Жазушы Жамбыл Жабаев- 180 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында «Жас қыран» қызығушылық клуб мүшелерінің және №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Жыр дүлділі — Жамбыл» атты жыр кеші өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жазушы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен қызметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.
