«Қазақ тілі — қазақтың жаны”

⚜️21 АҚПАН — АНА ТІЛІ КҮНІ
⚜️Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында Билікөл әкімшілік аппаратының бас маманы Ж.Әшірхан, жастар ісі жөніндегі инспектор Э.Паримбекова және мәдениет үйінің маманы С.Иманбаеваның қатысуымен «Қазақ тілі — қазақтың жаны” атты дөңгелек үстел болып өтті.
⚜️Мақсаты: Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына тілдің құндылықтарын насихаттау.