21 ақпан — Халықаралық Ана тілі күні
Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында №10 Күреңбел атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Ана тілі- жүрек үні» атты библиошар болып өтті.
Мақсаты: Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына тілдің құндылықтарын насихаттау. #ЖуалыОКЖ
