21 ақпан — Халықаралық Ана тілі күні
Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында “Өнерлі өрен” клуб мүшелерінің қатысуымен “Ең бірінші бақытым — тілім менің” атты дөңгелек үстел болып өтті.
Мақсаты: Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына тілдің құндылықтарын насихаттау.
