21 ақпан — Халықаралық Ана тілі күні
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Ана тілі — айбыным» атты ертеңгілік болып өтті.
Мақсаты: Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына тілдің құндылықтарын насихаттау.
