21 ақпан — Халықаралық Ана тілі күні
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында «Ардақта ана тіліңді» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.
Мақсаты: Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына тілдің құндылықтарын насихаттау. #ЖуалыОКЖ
