Жуалы аудандық орталық кітапханасы мен Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының бірлесуімен «Ұлы даланың алып жыршысы — Жамбыл Жабаев» атты әдеби кеш болып өтті. Кеште №30 Көктөбе орта мектебінің 5 сынып оқушылары А.Мырзамұрат «Белсенділерге», Ж.Нұрқасым «Туған елім», №25 Ақтөбе тірек мектебінің 7 сынып оқушысы Қ.Ахмет «Қызыл әскерге», №28 Амангелді атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Ж.Молдахан «Өсиет», №28 Д.Похомов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қ.Сауытбек «Қыз Жібек», Т.Әкімов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Чакова Кристина «Әкеме», №8 С.Байтіков атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Ж.Әбілмансұр «Қайта келген жастық» өлеңін мәнерлеп оқыды. Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Арайлым Біттібай «Жүз жасаған, жыр алыбы — Жамбыл Жабаев» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Аудандық орталық кітапхананың директорының орынбасары Айжан Жұманова кешке қатысқан оқушыларды Алғыс хатпен марапаттады.
Мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны, жырауы Жамбыл Жабаев шығармашылығын кеңінен насихаттау, оның рухани мұрасын жас ұрпаққа таныту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, Жамбыл мұрасы арқылы «Ұлы даланың» рухани байлығын ұғындыру және өскелең ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру.