21 ақпан — Халықаралық Ана тілі күні
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында №21 Д. Пахомов атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі П. Абаханованың қатысуымен «Ана тілі — мәңгі құламайтын бәйтерек» атты тәрбие сағаты болып өтті.
Мақсаты: Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына тілдің құндылықтарын насихаттау. #ЖуалыОКЖ
