«Ана тілі — жүрек үні»

⚜️21 ақпан — Халықаралық Ана тілі күні

⚜️Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушылары және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ә. Бейсенбаеваның қатысуымен «Ана тілі — жүрек үні» атты библиошар болып өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына тілдің құндылықтарын насихаттау.