«Ана тілі — рухани қазына»

⚜️21 ақпан — Халықаралық Ана тілі күні

⚜️Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында «Ана тілі — рухани қазына» атты ақпарат сағаты болып өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына тілдің құндылықтарын насихаттау.