“Ана тілі — ардың үні”

⚜️21 ақпан — Халықаралық Ана тілі күні

⚜️Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында “Дауа” қызығушылық клубы мүшелерінің қатысуымен “Ана тілі — ардың үні” атты танымдық — зерделік кеш болып өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына атсалыса отырып тіл құндылықтарын насихаттау.