«Бабалар сөзі — ақылдың көзі»

⚜️МӘДЕНИ МҰРА — МӘҢГІ МИРАС

⚜Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында «Бабалар сөзі — ақылдың көзі» мақсатты бағдарлама аясында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Еліміздің биік мәртебесі — Мәдени мұра» тақырыбында ақпарат сағаты өтті.

⚜Мақсаты: Оқырмандарға ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру, тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.