«Жыр мен білімнің қос шыны: Ыбырай мен Мұқағали»

⚜️«ОҚУҒА ҚҰШТАР ЖҮРЕКТЕР» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ.
⚜️Ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин — 185 жыл, қазақтың көрнекті ақыны, аудармашы Мұқағали Мақатаев — 95 жылдығына арналған «Оқуға құшатар жүректер» облыстық байқауының аудандық кезеңі Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Жыр мен білімнің қос шыны: Ыбырай мен Мұқағали» тақырыбында мәдениет үйінде өтті.
⚜️Байқау IІІ кезеңнен: І — кезең: «Әдебиетпен өрілген өз әлемім» — қатысушы өз әлемін, кітапқа деген сүйіспеншілігін, шығармашылық қызығушылығын әсерлі әрі мазмұнды түрде таныстыру; ІІ — кезең: «Поэзия мен парасат тұғыры» — Ыбырай Алтынсарин мен Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын орындау;
ІІІ — кезең: «Білім белесі» сұрақ-жауаптан тұрды.
⚜️ Байқауға барлығы 21 үміткер қатысып, әділқазылар шешімімен Қосбөлтек ауылдық кітапханасының оқырманы Ниетбек Аршат Тұрлыбекқызы бас жүлдеге ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Ал І орынды Кәріқорған ауылдық кітапханасының оқырманы Жамбылхан Ерназар Жеңісұлына иеленсе, ІІ орын Талапты ауылдық кітапханасының оқырманы Болатбек Айзере Нұрдосқызы мен Ертай ауылдық кітапханасының оқырманы Нағашбек Нұрсезім Талғатқызы, ІІІ орын Шақпакқата ауылдық кітапханасының оқырманы Өсенбай Інжу Байғалиқызы мен Бақалы ауылдық кітапханасының оқырманы Берік Айүміт Мәлікқызына бұйырды. Байқаудың басқа қатысушылары Алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар табысталды. #ЖуалыОКЖ