«Еркін елдің ұланымыз»

7 мамыр — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Қызыларық ауылдық клубында Сұрым ауылдық модельді кітапханасы клуб мамандарымен бірлесіп «Еркін елдің ұланымыз» атты патриоттық кеші өтті. Кітапхана әдіскері Г.Рүстемова «Қазақстан қарулы күштері мемлекет қауіпсіздігінің кепілі» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.