«Ел тыныштығын күзету, ең қастерлі міндет»

7 мамыр — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ел тыныштығын күзету, ең қастерлі міндет» атты патриоттық сағат өтті.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.