«Балалар кітабы – тәрбиенің қуатты құралы»

📚2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күні

📚Жуалы аудандық балалар кітапханасында «Нұрлы ұрпақ» балабақшасының «Әсем — ай» мектепалды даярлық тобының қатысуымен «Балалар кітабы – тәрбиенің қуатты құралы» атты кітап оқу сағаты өтті.

📚Мақсаты: Жас ұрпақтың ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.