7 мамыр — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында ақсақалдар алқасының төрағасы Еңсебек Түгелбайұлы, кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұранды ердің — қайсар ұрпағы» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.
