Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаев — 75 жыл
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Ұшқыр арман — нақты мақсат” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевтың өмірі мен еңбегін таныстыру, оның Қазақстан ғылымы мен ғарыш саласына қосқан үлесін насихаттау. Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, ел мақтаныштарын құрметтеуге тәрбиелеу, ғылыми білімге ұмтылысын қалыптастыру.
